Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мектеп мұғалімі мен оқушының ашық "махаббаты" жұрттың ашуын келтірді (фото)

Опубликовано:

Ресейдің Боровичи қаласында Ирина атты мектеп директорының орынбасары 10-сыныпта оқитын Лиза (ред. - есімі өзгертіліп берілді) атты қызбен жақын қарым-қатынаста болды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: Life.ru
Фото: Life.ru: UGC

Белгілі болғандай, "ғашықтар" өз сезімдерін жұрт назарынан жасыруға тырыспайды екен. 17 жастағы Лиза әлеуметтік желідегі парақшасында сүйікті ұстазына деген махаббаты туралы ашық жазып отырады. Мұғалім де өз кезегінде шәкіртінен қалыспай, жылы сөздер мен құшақтасқан суреттер жариялайды.

Фото: Life.ru
Фото: Life.ru: UGC

Алайда олардың сүйісіп жатқан суреттері тергеу комитетінің назарына ілігеді. Осы кезде ғана олар арасындағы қарым-қатынасты жоққа шығарып әлек болыпты. Мұғалім мен оқушы қыз бұл суретті фотошоп деп отыр.

Фото: Life.ru
Фото: Life.ru: UGC

Тергеу органдарының мәліметінше, аталмыш іс бойынша жан-жақты тексеру жүріп жатыр. Егер олардың жыныстық қарым-қатынасқа түскені анықталса, екеуінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, тиісті шаралар қолданылады екен.

Фото: Life.ru
Фото: Life.ru: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1723937-mektep-mgalimi-men-okusyny-asyk-mahabbaty-zrtty-asuyn-keltirdi-foto/

pixel