Желіге сексуалды суреттерін жүктеген бойжеткен волейбол құрамасынан қуылды (фото)
Опубликовано:
Америкалық университеттің волейбол құрамасының ойыншысы Шалом Ифеаньиді өз бапкері командадан шығарып жіберген. Оған бойжеткеннің желіге жүктейтін суреттері тым арсыз болып көрінгсе керек деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

19 жастағы Шалом өз бапкері Молли Алвиді нәсілдік және жыныстық кемсітушілікке кінәлап, оны сотқа берді. Бойжеткеннің айтуынша, оны құрамадан университетте қалыптасып кеткен волейболшылар образына сай келмегені үшін қуып жіберген.

Шалом интернет желісіне тіпті бапкері екеуінің өзара хат алмасуын да жүктеп қойды. Хабарламада Молли өз спортшысының суреттерін арсыздыққа теңеп, оларды өшіріп тастауын талап еткен.

Шалом бапкерін тыңдап суреттердің көзін құртты. Алайда, 2017 жылы оны бәрібір командадан шығарып жіберген. Мәселенің бәрі менің басқалардан өзгеше дене сымбатымда дейді бойжеткен.

Сот істеріне байланысты, Шалом 2018-2019-шы жылғы мауысымында басқа құрама команда атынан ойнауға құқығы жоқ. Нәтижесінде волейболшы өзінің спорттық шәкіртақысынан айырылса, ол өз оқуын төлеуге қауқарсыз болып қалады. Соған орай Шалом кеткен шығындардың орнын толтыруын белсенді түрде талап етуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1724083-zelige-seksualdy-suretterin-zktegen-bojzetken-volejbol-kramasynan-kuyldy-foto/