Әйгілі Криштиану Роналдудың сүйіктісі енді бала туғысы келмейтінін айтты
Опубликовано:
Жақында Криштану Роналдудың сүйіктісі Жоржина Родригес қызық мәлімдеме жасады. Ол енді жүкті болып, сәби сүйгісі келмейтінін айтты деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.
Оның айтуынша, болашақта ол өзін өсіп қалған төрт баланың анасы ретінде ғана көреді. "Тағы да балалы болатынымды елестете де алмаймын", - деді бойжеткен.
2017 жылдың қараша айында Жоржина жұлдызды футболшыға Алана Мартина есімді қызды сыйлады. Одан бөлек, Роналдудың суррогат аналардан туылған үш баласы бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1724636-jgili-kristianu-ronaldudy-sjiktisi-endi-bala-tugysy-kelmejtinin-ajtty/