Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір жылда миллион доллар тапқан жезөкше әлем назарына ілікті (фото)

Опубликовано:

Америкалық Алиса Литтл есімді жезөкше бір жылда бір миллион доллар табыс тапқан деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Америкалық жезөкше бір жылда бір миллион доллар табыс тапқан. Фото: Lenta.ru
Америкалық жезөкше бір жылда бір миллион доллар табыс тапқан. Фото: Lenta.ru: UGC

Жеңіл жүрісті ару өзін шақырған адамның жынысына қарамай, қызмет етуге келісе берген.

«Мен жыныстық қатынасқа түскендер қатарында еркек те, ерлі-зайыптылар да, жалғызбасты әйелдер мен пәк қыздар да бар», - дейді Алиса.

Бойжеткеннің негізгі мамандығы психолог болғанымен, ол жезөкшелікпен айналысқанды ұнатады екен.

20 жастағы бойжеткен Америкадағы «Moonlite Bunny Ranch» деп аталатын ең ірі бордельде жұмыс істейді. Оның жылдық табысы бір миллионға жетіпті.

Алиса Литтл өзінің жұмысын жиіркенішті іс деп санамайды. Керісінше, ол осы қызметі арқылы адамдарға көмек көрсетіп жүрмін деп есептейді.

Айта кетейік, Алисаның жеңіл жүрісті жолға түскеніне екі жыл болған. Ол ай сайынғы табысының екі-үш мың долларын салондарға, спортзалдарға және мүшеқап алуға құртады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1724689-bir-zylda-million-dollar-tapkan-zezkse-lem-nazaryna-ilikti-foto/

pixel