Өзбекстан президенті ең нашар ауылды 45 күнде жайнатып жіберді (видео)
Опубликовано:
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтың тапсырмасымен Манас ауылы 45 күнде қайта салынып шыққан деп хабарлайды azattyq-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Дустлак ауданына қарасты Манас ауылы екі ай көлемінде адам танымастай өзгеріп кеткен.
2018 жылдың ақпанында қираған ауылдар тізімінде тұрған Манасқа бүгінде жол жүргізіліп, екі қабатты тұрғын үйлер салынған. Сондай-ақ ауылда заманауи мектептер мен аурухана, балабақшалар да бой көтерді.
«Халқымның осылай өмір сүріп жатқаны жүрегімді ауыртады. Егер ең сорақы ауылдарды жөндеуден бастамасақ, менің «Абаттанған ауыл» атты бағдарламама ешкім сенбейтін еді», - деді Өзбекстан президенті.
30 наурыз күні Мирзияев ауылды аралап, жаңа кәсіпкерлердің ісін тексеріп, ауруханалардың жай-күйін білді.
Айта кетейік, Манас ауылы 1960 жылдары құрылған. Қазіргі уақытта мұнда алты мыңнан аса адам мекен етеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1724824-zbekstan-prezidenti-e-nasar-auyldy-45-knde-zajnatyp-ziberdi-video/