Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі әйелмен бірге тұрған жігіт өзінің өміріндегі қызықты жайттары туралы айтып берді (фото)

Опубликовано:

Британиялық Крейг Шейпс екі әйелмен бір үйде тұрып, нәзік жандылардың өзіндік ерекшеліктерін зерттеп, қызықты жайттармен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Бір жыл бұрын жүріп жүрген қызымен және оның құрбысымен бірге тұра бастаған азаматтың ойы өзгеріп, көптеген жайттарға барсқаша қарайтын болғанын жеткізді.

Айтуынша, қыздар бір-бірінен ешнәрсе жасырмайды. Мәселен олар біреуден келген хабарламаларды бір-біріне жібере беруден қымсынбайды. Сондықтан қыздарға хат жазғанда абай болуы керек екенін ескертті ол.

Сонымен бірге, ол қыздар Instagram желісінен біреуді табу үшін бас қатырмайды. Бірнеше секундтың ішінде олар асқан жылдамдықпен қажетті кісіні оп-оңай тауып алатынын оны таңғалдырған.

Жас жігіт қыздардың шұлықтары мен шашқа тағатын аксессуарлары үйдің кез келген жерінде шашылып жататынына наразы болған. Оның айтуынша, үйде шаштан аяқ алып жүру мүмкін емес.

Ал қыздардың үйден шығар алдындағы әрекеттері тіптен іш пыстырарлық деп санайды жас жігіт.

"Бір киімді таңдау үшін бір-біріне қаншама пікір айтып, он ойланып, мың толғанады, дейді", - Крейг.

"Қыздар үшін шаштың түсуі үлкен проблема. Әсіресе жуыну бөлмесіндегі түсіп жатқан шаштар еш жиналмайды", - деген Крейг қыздармен тұрудың өзі ғанибет екенін атап өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1724983-eki-jelmen-birge-trgan-zigit-zini-mirindegi-kyzykty-zajttary-turaly-ajtyp-berdi-foto/

pixel