Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шавкат Мирзиеев "көзбояушы" атқамінерлер туралы білетін болып шықты

Опубликовано:

Шавкат Мирзиеев аймақтардағы жағдайлардың көзбояушылық екенін білетін болып шықты. Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы Камил Алламжонов мәлімдеді деп хабарлайды Qazaqtimes.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шавкат

Өткен аптада Жизақ облысының Зарбдар ауданының атқамінерлері Шавкат Мирзиеевтың іс-сапары барысында жергілікті колледж студенттерін әлі ашылмаған тігін комбинатының жұмысшылары етіп көрсетіп, «президентке арналған шоу» өткізген.

Кейіннен бұл оқиға қоғамда қызу талқыланып, «Мирзиеев маңайында не болып жатқанын білмейді» - деген қаңқу сөз шыққан және БАҚ өкілдері бұл жағдайды жарыса жазған.

Осыдан кейін Мирзеевтың баспасөз хатшысы Камил Алламжонов өзінің Faceboоk парақшасына аталмыш жағдайға байланысты түсініктеме берген.

«Біз бұл жайында білдік. Сіздер байқасаңыздар, бұл цех 10 айдың ішінде жоқ жерден пайда болды. Ол қазір 100 пайыз жұмыс істеп тұрған жоқ. Кәсіпорын иелері үйрету мақсатында жақын ауылдардың тұрғындарын жұмысқа алған. Олар алдағы уақытта осы кәсіпорында жұмыс істейтін болады» - деген ол жазбасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1725139-savkat-mirzieev-kzboausy-atkaminerler-turaly-biletin-bolyp-sykty/

pixel