Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

9 сынып оқушысы сабақ үстінде сыныптасының арқасына пышақ қадап тастады

Опубликовано:

Иркутскіде мектеп оқушысы сыныптасының арқасына пышақ қадап тастады. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

9 сынып оқушысы сабақ үстінде сыныптасының арқасына пышақ қадап тастады. Көрнекі фото: Mir24.tv
9 сынып оқушысы сабақ үстінде сыныптасының арқасына пышақ қадап тастады. Көрнекі фото: Mir24.tv: UGC

Оқиға информатика пәні бойынша сабақ жүріп жатқан сәтте болған. Тоғызыншы сынып оқушысы пышақты алдындағы орындыққа қадап ойнап отырған екен.

"Ол абайсызда сыныптасының арқасына пышақ жарақатын салды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Зардап шегуші емханаға жеткізілген. Оның жағдайы бірқалыпты.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1725211-9-synyp-okusysy-sabak-stinde-synyptasyny-arkasyna-pysak-kadap-tastady/

pixel