Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

18 жастағы жігіт әлеуметтік желіде танысқан 14 жастағы қызды зорлап тастады

Опубликовано:

Санкт-Петербургте 18 жастағы мигрант әлеуметтік желі арқылы 14 жастағы қызбен танысып, оны зорлап тастады. Бұл туралы NUR.KZ порталы mr7.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Зорлық. Көрнекі фото: Днепр Час
Зорлық. Көрнекі фото: Днепр Час: UGC

Жас жігіт 7 сәуір күні сегізінші сынып оқушысын шатырлардың үстімен серуендеп қайтуға шақырған. Ол қызбен ВКонтакте әлеуметтік желісі арқылы танысқан деген болжам бар.

18 жастағы жігіттің Тәжікстан азаматы екені анықталды. Педофил 14 жастағы қызды шатырдың астына сүйреп әкетіп, аяусыз соққыға жыққан. Кейін күш қолдана отырып зорлап тастайды.

Келесі күні қыздың анасы полицияға жүгінеді. Жеткіншек соққылардан жабық бас-ми жарақатын алған.

Еш жерде жұмыс істемейтін мигрант зорлық жасағаны үшін қамауға алынды.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1725824-18-zastagy-zigit-leumettik-zelide-tanyskan-14-zastagy-kyzdy-zorlap-tastady/

pixel