Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

14 жасар бай баласы өзіне қызмет еткен жезөкшені полицияға ұстап берді (фото)

Опубликовано:

28 жастағы Флорида тұрғыны 14 жастағы жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түскені үшін жауапқа тартылды. Тергеу нәтижесі бойынша, жас жігіт элиталық жезөкшемен болған бір түн үшін 480 АҚШ Долларын төлеген деп хабарлайды Life.Ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Life.Ru
Фото: Life.Ru: UGC

Жасөспірімнің айтуынша, ол Сара есімді элиталық жезөкшемен ғаламтордағы арнайы сайт арқылы танысыпты. Олар біраз хат алмасып, Орландодағы Marriott қонақүйінде кездеседі. Әйел жәбірленушіні лифтінің жанында күтіп, ол келген соң бөлмесіне алып барған.

Жыныстық қатынастан соң, жігіт Сараға қалтасындағы 50 және 20 долларлық бар қағаз ақшасын шығарып берген.

Жеткіншек әкесімен бірге полицияға келіп, істің мән-жайын айтып бергеннен кейін олар Marriott қонақүйіне қайта барған.

Фото: Life.Ru
Фото: Life.Ru: UGC

Ал жезөкше бұл уақытта басқа азаматқа қызмет көрсетіп жатқан екен. Әзірге құқық қорғау органдары Сараны босатып, тек оның құжаттарын ғана алып қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1726227-14-zasar-baj-balasy-zine-kyzmet-etken-zezkseni-policiaga-stap-berdi-foto/

pixel