Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ мамырдың басында Сирияға жойқын шабуыл жасамақшы (видео)

Опубликовано:

Сирияға жоспарланған әуе соққысын жасау үшін америкалықтар Таяу Шығысқа әуетасымалдағыш соққы беру тобын жіберді деп хабарлайды "Укринформ" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

АҚШ-тың әуетасымалдағыш соққы беру күштері Сирияға аттанды
АҚШ-тың әуетасымалдағыш соққы беру күштері Сирияға аттанды: UGC

Америкалық флот Персия шығанағына шамамен мамыр айының басында жетеді деп болжануда. Аталған соққы беру тобы АҚШ-тың Бесінші және Алтыншы әскери-теңіз флоттарына қарасты аудандарына жіберілмек. Аталған аймақтар Еуропа мен Таяу шығыс өңірлерін қамтиды.

Сирияға жіберілетін АҚШ әскери-теңіз флотының құрамына Harry S. Truman (CVN 75) ұшақ тасығыш, әскери әуе қанатының тоғыз эскадрильясы (CVW), Normandy (CG 60) зымыран крейсері, DESRON 28 зымыранға қарсы тобы, оның ішінде Arleigh Burke (DDG 51), Bulkeley (DDG 84), Forrest Sherman (DDG 98) және Farragut(DDG 99) зымырандық эсминецтері бар.

АҚШ-тың әскери тобына FGS Hessen (F 221) неміс фрегаты да қосылады деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек Jason Dunham (DDG 109) және Sullivans (DDG 68) эсминецтері бар.

Yeni Safak түрік басылымының хабарлауынша, Сирияға шабуыл жасау үшін 22 мақсатты анықтап отыр. Сирияны бомбалау кезінде АҚШ, Ұлыбритания , Франция және Израиль өзара күш біріктіретін болады.

Тартустағы РФ теңіз-әскери күштері орналасқан өңірлерге да шабуыл жасалады делінген басылымда. Ол жерде қазіргі таңда ресейлік әскерилер қоныс тепкен.

Сондай-ақ, Германия канцлері мен Канаданың премьер-министрі Сириядағы әскери операцияға қатысатыны туралы мәлімдеме жасады.

Ал Кремль болса Сириядағы жағдайдың ушығып тұрғаны туралы мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1726589-aks-mamyrdy-basynda-siriaga-zojkyn-sabuyl-zasamaksy-video/