Геннадий Головкин: Боксқа деген қызығушылығым жоғалып барады
Опубликовано:
Жеңіліп көрмеген кәсіби-боксшы Геннадий Головкин соңғы кездері рингке сирек шығуы оның көңілін түсіретінін айтты. Жекпе-жектер тапшылығы спортшының боксқа деген қызығушылығын бәсеңдетіп жіберген деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Головкиннің соңғы жекпе-жегі мексикалық "Канело" Альвареспен өтуі тиіс болған. Алайда 5 мамырға белгіленген реванш Альварестің екі мәрте оң нәтиже көрсеткен допинг сынағы кесірінен болмай қалды.
Қазір қазақстандық боксшының командасы оған қарсылас іздестіріп жатыр.
Головкиннің айтуынша, ол анағұрлым көп жекпе-жек өткізгісі келеді. Альварестің мәселесі іспеттес проблемалар оның сирек жұдырықтасуына себеп болған.
"Менің боксқа деген қызығушылығым бәсеңдеп барады", - дейді GGG.
Головкин ештенеге қарамастан мойынсұнбайтын көрінеді. Ол боксқа деген ерекше махаббатын білдіріп, келесі жекпе-жектің жақын арада болуына үміттті екенін жеткізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1726614-gennadij-golovkin-bokska-degen-kyzygusylygym-zogalyp-barady/