Тайландта табыт пен адам қаңқасы бар мейрамхана ашылды (фото)
Опубликовано:
Тайланд астанасында аса қорқынышты мейрамхана ашылды. Оның ішінде тамақатану мен қатар демалуға да болады. Шаршап келген қонақтарға мейрамхана ішіне орналастырылған табытқа жатып тынығуға мүмкіндік бар деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бангок қаласында «Өлімді сезіну» аттты мейрамхана ашылған. Жергілікті халық өзгелерге ұқсамайтын кафеге асқан қорқынышпен барады. Оған мейрамхана ішіндегі дизайн болса керек. Ішінде орналастырылған табыттар мен адам қаңқалары келген қонақтардың зәресін ұшырған

Қорқынышты мейрамханаға келушілерді алдымен адам қаңқасы қарсы алады. Ол аздай ас мәзіріндегі қарапайым ішімдіктерді «Өлім», «Ажал» және «Қинау» деген сияқты атауларға алмастырып тастаған. Сонымен қатар, мейрамханадағы табытқа жатуға келіскен қонақтарға барлық ішімдік түріне жеңілдік беріледі.

Алайда басты мақсат адамдарды ішімдікке тойдыру емес,табытқа жатып өмірінің соңғы күндері жайлы ойланып,өзгертуге болатындай тұстарын өзі үшін шешіп алу басты мүдде дейді мейрамхана басшылары.

«Технологияларға тәуелді Тайландтың жас ұрпағы табытта бірер минут өткізіп, өмір құндылықтары туралы ойлануға мәжбүр болады», - дейді олар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1726910-tajlandta-tabyt-pen-adam-kakasy-bar-mejramhana-asyldy-foto/