Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өз-өзін ұстай алмаған жеткіншек екі жыл бойы 53 жастағы мұғалімімен төсектес болған

Опубликовано:

Англиялық мұғалім Дебора Лоу өзінің 15 жастағы оқушысымен 2014-2016 жылдар аралығында жыныстық қатынаста болды. Бұл жайтты тек 2017 жылдың жазында ғана әшкерелеген. Ол кәмелетке толмаған баланы зорлады деген айыппен тұтқынға алынды деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

Орын алған оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары барысында, жас жеткіншек мұғалімінің сымбатына құмар болғандықтан өз-өзін ұстай алмағанын айтты.

Мұғалімімен арадағы жыныстық қатынасты ұл бала 20 жасқа толғанда айтуды жөн көріпті. Оның мәлімдеуінше, бастапқыда қарым-қатынас қарапайым әңгімелесу мен нөмір алмасудан бастау алған. Кейіннен телефон арқылы болған әсерлі әңгімелер төсек қатынасына ұласты. Дебора Лоу оқушысын қайта-қайта үйіне шақырып жыныстық қатынасқа итермелеген.

Ер бала мен мұғалім арасындағы мұндай қарым-қатынас екі жыл бойына жалғасқан.

«Мен ол кезде бар болғаны 15 жаста болдым. Мұғаліммен мұндай жаста төсектес болу кез келген жігіттің арманы еді», - деді ол.

Дебора Лоу екі бап бойынша айыпталуды: кәмелетке толмаған баланы зорлау мен cенімге кіру. Оған қатысты қылмыстық іс әлі жалғасып жатыр. Мұғалім болса, әлі де қамауда отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1726941-z-zin-staj-almagan-zetkinsek-eki-zyl-bojy-53-zastagy-mgalimimen-tsektes-bolgan/

pixel