Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жантүршігерлік болжам жасаған әйгілі көріпкел әлем жұртын шошытты

Опубликовано:

Экстрасенстер жобасының жеңімпазы Мохсен Норузи көпшілікті өзінің жантүршігерлік болжамымен шошыттты. Ол жер шарын алдағы жылдарда көптеген табиғат апаттары мен түрлі қауіп-қатерлер күтіп тұрғанын айтты деп хабарлайды show_rus парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Танымал көріпкел Американың ықпал ету құқығының бәсеңдеуі мен Еуроодақтың қағаз жүзінде ғана болуын жорамалдады. Оның айтуынша, еуропалық бірлестік қызығушылықтарына қарай бірнеше топтарға бөлінеді.

Сонымен қатар, адамзатты әскери, саяси және әлемдік деңгейдегі түбегейлі өзгеріс күтіп тұр дейді ол.

Мұндай күрделі экономикалық жағдай 2020 жылға дейін болмақ.

Ирандық көріпкел Үшінші дүниежүзілік соғыс дәл қазір жүріп жатыр деп есептейді. Ол 2014 жылы Шығыста болған экстремистік соққылар мен теракттардан бастау алса керек.

Мохсен Норузидің жақсы жорамалдары да бар көрінеді. Оның пайымдауынша, жер шары жойылып кетпейді. Керісінше ұзақ жылдар бойы өмір сүреді. Себебі ол өз міндеттерін әлі іске асырып болған жоқ дейді көріпкел.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1727164-zantrsigerlik-bolzam-zasagan-jgili-kripkel-lem-zrtyn-sosytty/

pixel