15 жастағы қызын екі жылда мың рет жезөкшелікке сатқан ана жаға ұстатты
Опубликовано:
Отбасындағы қаржылық қиындықтарды қызын сату арқылы шешіп жүрген ана жұрттың ашуын келтірді. Ол 15 жастағы қызын екі жылда мың рет жезөкшелікке сатқан. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа Зеландияда тұратын 15 жастағы қыз кейде күніне бес түрлі ер адаммен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүр болған. Туған қызын қамауда ұстап отырған әйел оны секс-құлдыққа жегіп, түрлі еркетерге жезөкшелікке сатып отырыпты.
Әйелге бұл қылмысын жүзеге асыруда оның көңілдесі қолғабыс болған. Алайда қыз бала қашып кетіп, анасының үстінен шағым түсіреді.

Бүгінде 36 жастағы Касмир Лата қызын жезөкшелікке сатып, 100 мың доллардан астам ақша тапқаны үшін сотта кінәлі деп табылды.
"Анам осындай болатындай, нендей жазығым бар? Мен тек анамның махаббатын сезінгім келді", - дейді қыз.
Анасы қызын жүкті болып қалғанында да жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Касмир небәрі үш жыл бес айға бас бостандығынан айырылды.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1727574-15-zastagy-kyzyn-eki-zylda-my-ret-zezkselikke-satkan-ana-zaga-statty/