Қызды аңсаған отбасында 14-ші ұл дүниеге келді (фото)
Опубликовано:
Америкадағы 13 ұлдың әкесі Джей Швант қыз баласын қатты аңсаған. Әйелінің жүкті болғанын естіген ол, осы жолы қыз туылады деп үміттенген. Алайда Катер Швандт күйеуіне 14-ші батырды сыйлады деп хабарлайды bigmir.net-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мичиган штатында тұратын көпбалалы отбасында осымен он төртінші ұл бала дүниеге келген. Ол 18 сәуір күні туылды. Сәбиге әлі ат қойылмаған.
Ата-ана қыз баланы асыға күткендіктен, дәстүр бойынша бала жынысын алдын ала білуден бас тартса керек.
Джей Швандт аса қатты өкінбепті. Өйткені іштей ұл болатынын сезіп, өз-өзін дайындаған екен.
Ал батыр ана Катери болса, үлкен отбасыға кішкентай кезінен бастап үйреніп кеткен. Әйелдің өзі 13 ағайынды болып шықты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1727929-kyzdy-asagan-otbasynda-14-si-l-dniege-keldi-foto/