Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүрегім айниды: Аман Түлеев саясаттан кететінін мәлімдеді

Опубликовано:

Кемерово облысының бұрынғы губернаторы, облыстық халық депутаттары кеңесінің төрағасы Аман Түлеев ТВМ телеарнасына сұхбатында саясаттан кететінін мәлімдеді. Бұл туралы NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.

Аман Түлеев. Фото: ТАСС/Даниил Айкин
Аман Түлеев. Фото: ТАСС/Даниил Айкин: UGC

Түлеев облыстық кеңес депутаттарына ерекше алғысын білдірді.

"Біздің облыстық кеңес депутаттарына үлкен алғысымды білдіріп, басымды иемін. Дегенмен бұл менің ортам емес. Мен практикпін, шаруашыл реалистпін. Маған айтқанмды бірден орындағаны керек", - дейді Түлеев.

Экс-губернатор саясаттан мезі болғанын жасырмады.

"Мен бұл саясаттан, өтірік пен ластықтан шаршадым. Жаратушымыз куә, мен елге адал қызмет етемін, алайда енді қаламаймын. Мұның бәрінен жүрегім айниды. Жетер", - деп ағынан жарылды ол.

Түлеев Кемероводағы қайғылы жағдайдан кейін қызметінен кеткеніне жеңілдеп қалғанын айтуда.

Еске салсақ, Кемеревода сауда орталығы өртке оранып, алпыстан астам адам қаза болғаннан кейін ондағы қазақ губернаторы қызметінен өз еркімен кеткен болатын.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1728001-zregim-ajnidy-aman-tleev-saasattan-ketetinin-mlimdedi/

pixel