RU

Атақты Месси әлемдегі ең бай футболшылар тізімінде көш бастады

France Football әлемнің ең бай футболшылары мен бапкерлерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

vtccb
Лионель Месси: UGC

Ең бай футболшылар тізімін «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси бастады. Аргентиналық ойыншы жылына 126 млн еуро табыс табатын болып шықты.

Екінші орында - «Реал» ойыншысы Криштиану Роналду. Оның жылдық табысы 94 млн еуро. Үздік үштік қатарына жылына 81,5 млн еуро табатын ПСЖ шабуылшысы Неймар енді.

Ең жоғарғы табыс табатын бапкер «Манчестер Юнайтед» тізгінін ұстаған Жозе Моуринью. Ол жылына 26 млн еуро таза табыс табады екен.

Қытайда жүрген Марчелло Липпи 23 млн еуро көлеміндегі жылдық табысымен екінші орында. 22 млн еуро табыспен «Атлетико» бапкері Диего Симеоне үздік үштік қатарында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1728354-atakty-messi-lemdegi-e-baj-futbolsylar-tiziminde-ks-bastady/