Бес минутқа ваннада жалғыз қалған бес айлық нәресте суға батып кетті
Жарияланған күні:
Омбының Кировский округінде бес айлық нәресте ваннаға батып, көз жұмды. Бұл туралы NUR.KZ порталы fakty.ictv.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қайғылы жағдай нәрестені шомылдыру кезінде болған. Сәбидің ата-анасы бес минутқа нәрестені ваннада жалғыз қалдырып, салдарынан бала суда тұншығып қалған.
Ата-анасы баланы бастапқыда өздері құтқармақ болып, нәтиже болмағасын жедел жәрдем шақыртады. Алайда нәрестеге дәрігерлер де көмектесе алмады.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1728363-bes-minutka-vannada-zalgyz-kalgan-bes-ajlyk-nreste-suga-batyp-ketti/