Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сегіз жасар бала өзін унитазға батырған тәрбиешілердің былығын ашты

Опубликовано:

Ресейдегі Ставрополь аймағының қоғамдық интернат тәрбиеленушісі өзін қинап, қорлық көрсеткен мұғалімдер әрекетін жайып салды. Ол өзінің басынан өткен ауыр жағдайды анасымен кездескен кезінде айтып берген деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lenta.ru
Фото: lenta.ru: UGC

Баласымен кездесуге келген анасы оның қолындағы түрлі жарақаттарды көріп шошыған. Не болғанын сұрағанда ұлы өзіне қорлық көрсеткен мұғалімдер әрекетін айтып, бар шындықты ашып берді.

Кездесу барысынан түсірілген видео Youtube желісіне жүктелді. Бейнежазбада бала өзін унитазға батырғысы келген ұстаздарының әрекеттерін анық-қанығымен айтып жатты.

Оның айтуынша, мұғалімдер оны орындыққа байлап, итше тепкілеуді әдетке айналдырып алған. Оған қоса сегіз жасар тәрбиеленушіге қинап дәрі ішкізіп, унитазға батырған оқиғалар да болды.

Тәртіп сақшылары бұл оқиғаға қатысты ақпараттарды тексеріп жатыр. Мұғалімдердің зорлық әрекеттері расталған жағдайда, бірден қылмыстық іс қозғалмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1728647-segiz-zasar-bala-zin-unitazga-batyrgan-trbiesilerdi-bylygyn-asty/

pixel