Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанда оқушы қыздардың "пәктігін" жаппай тексеру басталды

Опубликовано:

Өзбекстанның Әндіжан қаласында гинеколог дәрігерлер оқушы қыздарға жаппай тексеру жүргізіп, пәктігін тексеріп жатыр деп хабарлайды Life.Ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: БезФормата.Ru
Көрнекі фото: БезФормата.Ru: UGC

Қаладағы мектеп басшысының айтуынша, білім ордаларына жақын жердегі емханадан мамандар келіп, барлық қыздарды УДЗ-ге түсірген. Ол үшін тексерілетін оқушылар 3 мың сум (шамамен 120 теңге) төлейтін көрінеді.

Жаппай тексеріс жүргіуге дәрігерлер 13 жасар қыздың жүкітілігін анықтаған соң кіріскен. Белілі болғандай, оны анасының жездесі, 60 жастағы азамат зорлаған екен. Қыз әкесіз өскен, ал анасы жұмыс істеймін деп алысқа кетеді. Сондықтан ол туыс әпкесі мен жездесінің қолында қалыпты.

Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Енді ол 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1729041-zbekstanda-okusy-kyzdardy-pktigin-zappaj-tekseru-bastaldy/