Білегінен резеңкесін тастамаған қыз қорқынышты күйге түсті (фото)
Опубликовано:
Қытайда төрт жасар қыз жарты жыл бойы шаш резеңкесін қолынан шешпей жүрді. Нәтижесінде ұзақ уақыт бойы терімен жанасуының салдарынан резеңке қыз қолына өсіп кеткен деп хабарлайды Daily Mail-ге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ле Ле атты қытайлық қыз ата-әжесінің қолында тәрбиеленеді. Өзінің ата-анасы басқа провинцияда жұмыс жасап жатқандықтан, қызынан алыста тұруға мәжбүр болған.
Жыл басында ата-әжесі Ле Ле қолында пайда болған үлкен ісікті байқап қалды. Төрт жасар қыз қолының қатты жансызданып бара жатқанын айтқанда оны бірден жергілікті ауруханаға жеткізген.
Дәрігер кішкентай қыздың қолындағы ісікті шаш резеңкесінің кесірінен пайда болса керек деген болжам жасады. Жасалған УДЗ тексерісі маманның айтқанын растады.

Шаш резеңкесін алып тастауға арналған операция 30 минутқа созылды. Хирург мұндай жағдайға өз тәжірибесінде алғаш рет тап болғанын айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1729064-bileginen-rezekesin-tastamagan-kyz-korkynysty-kjge-tsti-foto/