Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

73 жастағы енесіне үйленіп алған азамат: Қазір шын бақыттымын

Опубликовано:

1990 жылдары офицер болып қызмет еткен азамат жұмыс бабында адам өлтіргені үшін 13 жыл 10 ай мерзім түрмеде жазасын өтеген. 2010 жылы бостандыққа шыққан соң бір әйелге үйленіп, онымен көңілі жараспаған соң, ажырасып кетіпті. Алайда көп ұзамай-ақ енесіне ұсыныс жасап, қазір бақытты өмір кешуде деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Life.ru
Фото: Life.ru: UGC

Жуковский сотталғанға дейін отбасылы болған. Бірақ ол 13 жыл жазасын өтейтінін білгенде, әйелімен ажырасу туралы шешім қабылдапты. Ал бостандыққа шыққан соң Елена есімді әйелмен танысып, екінші рет шаңырақ көтереді. Олар Санкт-Петербург қаласында қыздың анасымен бірге тұрыпты. Арада бес жыл өткен соң Вячеслав Еленамен айырылысып кетеді.

"Олар ажырасқан кезде Вячеслав сондай қиын жағдайда қалған соң, менімен бірге тұра бер ұсыныс жасадым. Осы уақыт аралығында біз жақсы тіл табысып, үйленеміз деп шешім қабылдадық", - дейді 73 жастағы зейнеткер.

Бүгінде азамат бұрынғы енесіне ұйленіп алып, бақытты күн кешіп жүр.

"Мен уақыт көлігіне мініп алып, өзімді тапқан сияқтымын. Шынайы өмір сүргім келеді", - дейді ол.

Галина Евгеньевна осыдан 20 жыл бұрын өзінің аналық жасушаларын қатырып сақтап қойған екен. Сондықтан бақытты жұп өздеріне бала туып беретін суррогат ана іздеп жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1729240-73-zastagy-enesine-jlenip-algan-azamat-kazir-syn-bakyttymyn/

pixel