Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жас қыздар селфи жасамақ болған көпір кенеттен опырылып түсті

Опубликовано:

Бразилияның Пиауи штатында үш қыз құлайын деп тұрған теміржол көпіріне шығып селфи жасаған. Осы сәтте көпір құлап, қыздар жарақаттанып қалған деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Селфи

The Sun мәлім еткендей, 15-16 жастағы және 20 жастағы қыздар теміржол көпіріне шығып, селфи жасайды.

Жергілікті полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Кайш өзені арқылы өтетін бұл теміржол көпірі апатты жағдайда болған.

Қыздар соған қарамастан, оның үстіне шығып, селфиге түсіп жатқанда, құрылыс нысаны опырылып құлаған.

Оқиға болған кезде көпірде 8 адам болған көрінеді. Тосын жағдайдың салдарынан олардың үшеуі зардап шеккен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1729253-zas-kyzdar-selfi-zasamak-bolgan-kpir-kenetten-opyrylyp-tsti/

pixel