Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кемероводағы өртте отбасын жоғалтқан жігіт көпшіліктің күмәнін туғызды (фото, видео)

Опубликовано:

Кемеровода болған алапат өртте отбасынан түгелдей айырылған ресейлік Игорь Востриков өзінің өміріне сын айтқандарға жауап берді деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: segodnya.ua
Фото: segodnya.ua: UGC

Осыған дейін желіде Игорьдің танымал әнші Катья Гордонмен жымиып түскен суреті тарап, оқырмандар оны қөатал сынның асытан алған болатын.

Жұрттың әңгімесінен шаршаған азамат жауап ретінде видожолдау түсірген. "Тірі адам тіршілігін жасайды" деген ұранды берік ұстанған Игорь видеожазбада қалай өмір сүрсе де өз еркінде екенін жеткізді.

Фото: segodnya.ua
Фото: segodnya.ua: UGC

"Менің тарапыма айтылып жатқан ызалы сынға қатысты айтайын. Мені қайғыдан қан жұтып отырмағаным үшін сөгіп жатсыздар ма? Әлде жымиғаным сіздердің ашуларыңызға тиді ме? Мен адаммын. Сондықтан жымиямын, күлемін. Басқа не істеуім керек?

Мұның барлығына кінәлі мемлекеттегі қалыпттасқан жүйе. Мен жақыендарымның қазасы арқылы танылып кеттім. Соны әдейі істеді дейсіздер ме?", - деп ашуланды Востриков.

Еске салсақ, алапат өртте Востряковтың үш баласы мен жары, қарындасы қаза тапқан болатын.

Ескерту! Видеода балағат сөздер қолданылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1729981-kemerovodagy-rtte-otbasyn-zogaltkan-zigit-kpsilikti-kmnin-tugyzdy-foto-video/

pixel