Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркіменстан басшысы спортшыларға берген сыйлығын қайта тартып алған

Опубликовано:

2017 жылы Ашхабадта өткен Азия ойындарының кейбір жеңімпаздарының президенттен алған сыйлықтарын тартып алды деп хабарлайды Centralasian.org қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Түркіменстан басшысы спортшыларға берген сыйлықтарын қайта тартып алған
Түркіменстан басшысы спортшыларға берген сыйлықтарын қайта тартып алған: UGC

Түркіменстан үкіметі экономикалық дағдарысқа қарамастан халықаралық спорт жарысына миллиард доллар жұмсаған. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар, соның ішінде "Toyota Camry GL Executive" автокөліктері сыйға тартылған.

Дәл осындай автокөліктерді кейбір түркімен атлеттерінен тартып алыпты. Азаттық радиосы түркімен қызметінің (Азатлык) хабарлауынша, кем дегенде үш спортшы сыйлықтан айрылған.

"Автокөлікті спортшыларға тапсырған соң, "әзірге қолданбаңдар" деп ескертті. Біраз уақыттан соң жергілікті әкімшілік өкілдері келіп, машинаны алып кетті", - деп хабарлады Азатлык.

Редакция Азия ойындарында жеңіске жетіп, жарыстан соң сыйлықтарынан айрылған атлеттердің есімдерін жеке қауіпсіздік мақсатында жарияламай отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1730967-trkimenstan-bassysy-sportsylarga-bergen-syjlygyn-kajta-tartyp-algan/

pixel