Бағасы бес мың доллар тұратын бургерді жеп көрдіңіз бе?
Опубликовано:
Әлемде құны бір бөлмелі пәтермен бірдей тағамдар да бар. Бұл жайында segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Нью-Йорктің көгілдір тұшпараларының сегіз түйірі 2,5 мың доллар тұрады. Бұл тағам құрамына бұзау еті, шошқа етімен қоса көк түс бөлетін факел балығының еті де қосылады.

Филиппин сушилері де тұшпарадан қалыс қалмайды. Оның құны - 3 мың доллар. Суши жасаушылар туристерге жергілікті теңіз өнімдерінен жасалған сушиден бөлек маржан тастарын сыйға тартады.

Ал Лас-Вегастың "Fleur-de-lis" мейрамханасында әлемнің ең қымбат бургері сатылады. Оның құны - 5 мың доллар. Казинодан олжалы оралған азаматтардың көбі осы тағамға тапсырыс береді екен. Алайда бұл бургердің құрамында түк те айырмашылығы жоқ. Тек жанына бір құты 1955 жылғы шарапты сыйға тартады.

Әлемдегі ең қымбат балмұздақты Жаңа Орлеаннан табуға болады. Оның бағасы жарты миллион доллар тұрады. Себебі, даяршы балмұздақтың жанына 5 караттық бриллиантты қоса алып келіп береді.

Құны 14 500 доллар тұратын десерт Шри-Ланкада сатылады. Өйткені, десерттің жанында 80 караттық аквамарин тасы бар.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1731091-bagasy-bes-my-dollar-tratyn-burgerdi-zep-krdiiz-be/