97 жастағы әже жүзуден чемпион атанды (фото, видео)
Опубликовано:
Рут Томпсон жастайынан көп ауырғандытанг, спортпен мүлдем айналыспаған. Алайда егде тартқан жасында салауатты өмір салтын ұстанып, National Senior Games жарысында жеңіске жетті деп хабаралайды Lemurov.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Рут Тогмпсонның айтуынша, ол алғаш рет 75 жасынан бастап дене жаттығуларын жасап, жүзуге барған. Онда жақсы нәтижелер көрсеткен соң, жаттықтырушы зейнеткерге жарысқа қатысуға ұсыныс жасапты.

Осылайша, рут 92 жасынан бастап жүзуден жарыстарға қатысып, 97 жасында көптеген медальдарға ие болған. Сондай-ақ шіркеуде пианино тартып, жеті жылдан бері университетте білім алып жүрген көрінеді.

Зейнеткер жоғары оқу орнының дипломы өзіне қажет болмасын білсе де, миды жаттықтырып, ойды дамытып отырғанды жөн көремін дейді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1731700-97-zastagy-ze-zzuden-cempion-atandy-foto-video/