Қатыгез әке 15 жастағы қызы мен оның құрбыларын "жыннан тазарту" үшін зорлап отырған
Опубликовано:
Испания тұрғыны 15 жастағы қызы мен оның құрбыларын "жыннан тазарту" үшін зорлап отырған. Бұл туралы NUR.KZ порталы lenta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Хавьер есімді ер адам 15 жастағы қызы мен оның екі құрбысын Баш-Льобрегаттағы үйінде жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген.
Ең сорақысы, бұл жайтты ер адамның әйелі біліп, тіпті қолдап отырыпты.
Өзін Один атты орденнің мүшесі санайтын азамат олай етпегенде отбасы қарғысқа ұшырауы мүмкін болғанын, қыздарды зорлау арқылы "жынды қуып отырғанын" алға тартты.
Зардап шегуші тарап Хавьерді 45 жылға түрмеге жабуды, ал жарын тоғыз жылға қамауды сұрап отыр.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1731919-katygez-ke-15-zastagy-kyzy-men-ony-krbylaryn-zynnan-tazartu-sin-zorlap-otyrgan/