Сүйікті әйелінің есімін қате жазған Трамп масқара болды (фото)
Опубликовано:
АҚШ президенті Дональд Трамп сүйікті әйелі Мелания Трамптың есімін қате жазып, ұятқа қалды. Бұл туралы NUR.KZ порталы fakty.ictv.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сырқатынан кейін үйіне аман-есен қайтып оралған әйелін құттықтап, жазба қалдырған Трамп оның есімін жазғанда қате жіберіп қойған.
Ол әйелін Мелания деп атаудың орнына желі парақшасында Мелани (Melanie) деп жаза салыпты.
Қате жазба бірден өшіріліп, түзетілген күйі қайта жария етілгенімен, жұрт бұл қатенің скриншотын жасап үлгеріпті.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1732849-sjikti-jelini-esimin-kate-zazgan-tramp-maskara-boldy-foto/