Мәйіті көшеден табылған қайыршы әйел миллионер болып шықты (фото)

Опубликовано:

Ливанның Бейрут қаласында полиция қызметкерлері жүрек талмасынан қайтыс болған 52 жастағы Фатима Отманның денесін тапты. Тексеріс кезінде қайыршы әйелдің 1,7 миллиард ливан фунты (1,1 миллион доллар) сақталған жинақ кітапшасы анықталған деп хабарлайды Al Arabiya сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото : Lebanese internal security forces
Фото : Lebanese internal security forces: UGC

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, әйел Ливандағы азамат соғысы кезінде ауыр жарақат алып, сал болып қалған. Сөйтіп, 20 жыл бойы жалға алынған көлікте өмір сүріп, қайыр сұрап келген екен.

Тінту жұмыстары кезінде көліктің ішінен бес миллион фунт (үш мың доллар) табылды.

Құзырлы орган қызметкерлері мерт болған әйелдің денесін Ливанның солтүстігінде тұратын туыстарына тапсырған. Олар Фатиманың осы уақытқа дейін жинаған қаражат көлеміне таңданыстарын жасыра алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1733503-mjiti-kseden-tabylgan-kajyrsy-jel-millioner-bolyp-sykty-foto/