Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мектепті енді бітірген оқушыға ұсыныс білдірген жігіт елдің ашуына тиді

Опубликовано:

Ресейдің Ставрополь өлкесіндегі жергілікті мектептің соңғы қоңырауы кезінде қызықты оқиға орын алды. Ер азамат мектепті енді ғана тәмамдаған сүйіктісіне келіп, көпшілік алдында үйленуге ұсыныс білдірген деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: youtube.com
Фото: youtube.com: UGC

Ер жігіттің дүйім жұрт алдында жасаған қылығын түсіріп алған оқиға куәгерлері видеожазбаны желіге бірден жүктеп жіберген.

Әлеуметтік желіге салынған видеода, қолына үлкен гүл шоғын ұстай мектеп түлектеріне қарай жөнелген жас жігіт бой көрсетеді. Артынша ол оқушылар арасындағы бір қыздың алдына тізерлеп отырып, үйленуге ұсыныс білдірген.

Мектепті енді ғана аяқтаған оқушы қыз қуанғаны соншалық, тіпті сүйіктісінің мойнына асыла жөнелген.

Алайда, бойжеткеннің жігітіне не деп жауап бергені белгісіз. Желіде видеоны тамашалаған көпшіліктің оқиғаға қатысты пікірі екіге бөлінді.

Бірі жастардың қылығын ерсі санап тым ерте үйленбекші деп сөксе, қалғандары оларға бақыт тілеп қуаныштарына ортақса кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1733791-mektepti-endi-bitirgen-okusyga-synys-bildirgen-zigit-eldi-asuyna-tidi/

pixel