Көлікке мініп алған аю одан қайта шыға алмай, сигналды басқан (видео)
Опубликовано:
Американың Коннектикут штатында аю көлікке кріп алып, қайта шыға алмай қалған. Оны көріп қалған көлік иесі дереу полиция шақырған. Бұл туралы Комсомольская правда басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.
"Мен мұндай жалғыз болдым. Көлігімнің жарықтары жанып, сигналы басылып жатыр. Қарасам, ішінде аю отыр екен", - дейді Линда.
Полиция оқиға орнына келіп жеткенде жануар көлік орындықтарының қабын жыртып, біршама заттарын сындырып тастаған. Олар келіп көліктің есігін ашқанда, қара аю бірден қаша жөнеліпті.
Коннектикут штатында осыған ұқсас жағдай жиі орын алатын көрінеді. Жабай жануарлар көліктерде тамақтың иісі шықса, оған бірден кіріп алады екен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1733884-klikke-minip-algan-au-odan-kajta-syga-almaj-signaldy-baskan-video/