Дауыл астында қалып қойған екі журналист тіл тартпай кетті

Опубликовано:

АҚШ-тың оңтүстік-шығыс жағалауын "Альберто" дауылы ойрандап кетті. Солтүстік Каролина штатында орын алған табиғи құбылыс салдарынан жергілікті телеарна журналистері қаза тапқан. Олар қатты соққан дауылды бейнежазбаға таспаламақ болды деп хабарлайды rbc.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: rbc.ru
Фото: rbc.ru: UGC

Солтүстік Каролина штатын жайлаған қатты дауыл салдарынан тропикалық құбылыс жайлы сюжет жасамақ болған журналистер қайтыс болды. Ақпарат өкілдері отырған көлік үстіне қатты соққан жел салдарынан ағаш құлап кеткен.

«WYFF News 4 телеарнасының жүргізушісі Майк Маккормик пен фототілші Аарон Смелтцер дүйсенбі күні қайтыс болды. Олар арнайы сюжет жасауға барғанда, қатты соққан жел кесірінен көліктеріне үлкен ағаш құлап кетті. WYFF News 4 арнасы әріптестері үшін қатты қайғыруда», — деп жазылған телеарнаның ресми мәлімдемесінде.

"Альберто" дауылының ең максималды жылдамдығы сағатына 55 киллометрді құраған. Бүгінгі күні ол біраз деңгейге төмендеген. Алайда, бір-екі күнде оның ауытқуы қайта орын алады дейді мамандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1734309-dauyl-astynda-kalyp-kojgan-eki-zurnalist-til-tartpaj-ketti/