Көшеде әйелін соққыға жыққан еркекті өзге жігіт баспен ұрып құлатты

Опубликовано:

Стамбұлда әйелін соққыға жыққан еркекті баспен ұрып құлатқан азаматтың әрекеті видеоға түсіп қалды деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Басылымның мәліметінше, видеодағы ер адам ажырасу туралы сот тыңдауынан кейін әйелін оралған бумамен ұра бастаған. Осы кезде өтіп бара жатқан өзге жігіт әйелге қол көтерген ер адамды баспен ұрып құлатып, араша түседі.

Ал жанындағы өзге адамдар полиция шақырған.

Кейін белгілі болғандай әйелге болысқан ер адамның 29 жастағы аула сыпырушы - Эмре Деребаши есімді азамат екені анықталды.

"Ол полцияға "әйелін ұрған жоқпын, ал жерге құлаған кезде ол қойылым қойған" деп жауап беріпті. Тіпті менің үстімнен керісінше мен оны ұрды деп шағымданған. Оны жібере салды. Ал мені сұрақтың астына алды. Ең жанға бататыны сол", - дейді Деребаши.

Аула сыпырушының сөзінше, ол бастапқыда ер адам әйелді орамамен емес таяқпен ұрып жатыр деп ойлап қалған.

"Мен кез келген адам жасауы тиіс нәрсені жасадым. Мен зорлыққа қарсымын. Әйелді ұрып жатқанда қарап тұра алмадым. Егер керек болса мен бұны тағы да қайталар едім", - дейді Деребаши.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1735114-ksede-jelin-sokkyga-zykkan-erkekti-zge-zigit-baspen-ryp-klatty/