Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иығына қарағай ағашы кіріп кеткен азамат елді шошытты (фото)

Опубликовано:

Демалыс күндері Минск ауданының Лошана ауылында тікбұрышты парашют пен зырылдауық мотордан құрастырылған ұшу аппараты апатқа түсті. Бұл туралы naviny.by сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: naviny.by
Фото: naviny.by: UGC

Төтенше жағдайлар министрлігі ұшу аппаратының шын мәнінде құлағанын растап, онда болған азаматтың ауыр жарақат алғанын мәлім еткен.

Белгілі болғандай, ұшу аппаратымен құлаған ер адамның иығын қарағай ағашы тесіп өткен. Осыдан кейін дәрігерлер оған ота жасап, жуан ағашты суырып алыпты.

Ақ халаттылардың айтуынша, азамат қаншалықты ауыр жарақат алғанына қарамастан, оның өмірлік маңызды мүшелері сап-сау күйінде екен. Ірі қан-тамыр жүйелеріне еш зақым келмеген дейді. Сондықтан қазір оның жағдайы бірқалыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1735458-iygyna-karagaj-agasy-kirip-ketken-azamat-eldi-sosytty-foto/

pixel