Бұрынғы жезөкше мемлекеттегі ең жоғары марапатқа ие болды
Опубликовано:
Жаңа Зеландияда бұрын жезөкше болған Кетрин Хили есімді әйел мемлекеттік ең жоғары деңгейлі төсбелгісімен марапатталды. Бұл туралы The Guardian сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Ел үкіметі осы төсбелгіні Кетринге бірнеше жылдар бойы секс-қызметкерлерді қанауға қарсы күрес жүргізгені және өзінің әріптестеріне деген көзқарасты өзгерту мақсатында атқарған еңбегі үшін берді.
Сондай-ақ, ол мемлекетте бұрын қылмыс болып есептелетін жезөкшелік қызметтің заңды болуына өз ықпалын тигізген.
"Мен өзіме сене алмадым. Бүгін біз жезөкшелікке басқаша қараймыз. Мен полиция қызметкерімен бір үстел басында отырып, секс-қызметкерлерді қорғау мен оларға сексуалды зорлық туралы хаттармен көмектесу жайлы әңгіме айта аламын", - деді Кетрин.
Белгілі болғандай, 1986 жылы Кетрин Жаңа Зеландияда секс-қызметкерлерінің құқығын қорғайтын жезөкшелер ұйымын құруға көмек қолын созған екен.
Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1735890-bryngy-zezkse-memlekettegi-e-zogary-marapatka-ie-boldy/