Арабша бата беріп, ауызашар жасаған Трамп әлем назарына ілікті
Опубликовано:
Алтыншы маусым күні Америка президенті Дональд Трамп Ақ үйде мұсылман елдері делегаттарына ауызашар берді деп хабарлайды WSJ басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Президенттің ауызашарына Сауд Арабия, Иордания, Египет, Түркия, БАӘ, Тунис, Ирак, Катар, Бахрейн, Марокко, Алжир, Ливия секілді бірқатар елдердің елшілері қатысты.
Дональд Трамп барша мұсылман әлемін қасиетті аймен құттықтап, "Рамадан мүбарак" деп бата берді.
Ол өзінің алғашқы шетелге жасаған ресми сапарын Сауд Арабиясынан бастағанын атап өтіп, барлығымен бір дастарқан басында қауышқанына қуанышты екенін жеткізді.

АҚШ президенттерінің мұсылмандарға арнап ауызашарға орай дастарқан жаюы президент Клинтон кезінін басталған еді. Кіші Буш пен Обама кезінде де рамазан айына орай Ақ үйде ауызашар берілетін. Алайда, Трамп президенттік мерзімінің алғашқы жылында бұл дәстүрді үзіп алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1736002-arabsa-bata-berip-auyzasar-zasagan-tram-lem-nazaryna-ilikti/