Күйеуінің көзіне сегіз жыл бойы шөп салған әйел көңілдесін жалпақ жұртқа көрсетті
Опубликовано:
Әзірбайжанда күйеуінің көзіне сегіз жыл бойы шөп салып, екі баласымен үйінен кетіп қалған Рамида Ширинова көңілдесін ертіп, жергілікті телеарнаның эфиріне шықты. Бұл туралы NUR.KZ порталы Oxu.Az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Səni Axtarıram» атты Хошгед Хидаятқызы жүргізетін телебағдарламада Рамида күйеуіне Аяз есімді жігітпен сегіз жыл бойы опасыздық жасап келгенін мойындады.
Бір қызығы, әйелдің заңды күйеуі де телебағдарламаның шақыртуын қабылдап, түсірілімге келген.
Бағдарлама барысында Аяздың да отбасылы азамат екені анықталды. Оның, тіпті үш баласы бар болып шыққан.
Көпшілік көңілдесін эфирге ұялмай ертіп әкелген келіншекке сын-пікірлерін жаудыруда.
Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1736004-kjeuini-kzine-segiz-zyl-bojy-sp-salgan-jel-kildesin-zalpak-zrtka-krsetti/