Не қыз емес, не ұл емес: Америкалық азаматша баласын ерекше әдіспен тәрбиелеуде
Опубликовано:
Америкалық секс-терапевт Кристин Хамбридж өзінің ұлын туыла сала гендерлі-бейтарап адам ретінде тәрбиелеуде. 32 жастағы әйелдің мұндай шешім қабылдауы баласының қоғамнан тәуелсіз болып, өзінің жынысын өзі таңдауында болса керек деп хабарлайды fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кристин Хамбридж өз ұлына не ұл емес, не қызға сай емес тәрбие беріп жатыр. Ол өзінің мұндай шешімін қоғамда қалыптасып кеткен жыныстық қағидалардан мезі болғандықтан қабылдадым дейді.

32 жастағы әйелдің бұл таңдауын өзінің күйеуі толықтай қолдады.

Енді кішкентай Джексон ұлдың да қыздың да киімдерін киіп, қуыршақтан бастап көліктермен аяқтап түрлі ойыншықтарымен ойнайтын көрінеді. Ол әзірге өзіне жыныс таңдаған жоқ. Табиғатынан ер бала өзін ұл да, қыз да ретінде еркін сезініп жүр.


Үлкен тәуекелге бел буған ата-анасы болашақта ұлдарының кез келген таңдауына қолдауларын білдіретініні айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1736109-ne-kyz-emes-ne-l-emes-amerikalyk-azamatsa-balasyn-erekse-dispen-trbieleude/