Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балаларды прокурордан жасырып қалмақ болған лагерь басшысы істі болды

Опубликовано:

Ресейдегі Ленинград облысының аулыныда прокурорлық тексерістен қорқып үрейі қашқан лагерь директоры барлық балаларды орманға апарып тығып қойды. Ол қауіпсіздік ережесін сақтамаған оқиғасын теріске шығару мақсатында лагерьде мүлдем балалар жоқ деп айтпақ болған деп хабарлайды NUR.KZ.

Мекеме құрамындағы 62 баланы Фин шығанағына суға түсуге апарған лагерь басшылығы төтенше жағдайлар министрлігіне бұл әрекеттері туралы хабарлауды жөн көрмеген.

"Олар балалардың өмірі мен олардың қауіпсіздігіне қауіп төндірді" , - деп жазылған прокурорлар мәлімдемесінде.

Оқиғаны мойындамай теріске шығару мақсатында басшы лагерь қызметкерлеріне барлық балаларды жинап, орманда тығыла тұруға бұйрық берген. Өзі болса прокурорлардан кабинетінде жасырынып, лагерьде болған балақайлардың қайда екенінен хабарсыз болғанын түсіндірді.

Алайда, өтірігі әшкереленген лагерь директорының үстінен енді қылмыстық іс қозғалды. Ол бала өмірі мен қауіпсіздігіне сай шараларды орындамағаны және жалған айтқаны үшін айыпталып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1736381-balalardy-prokurordan-zasyryp-kalmak-bolgan-lager-bassysy-isti-boldy/

pixel