Меккеде жас жігіт қажылық жасағандардың үстіне секіріп, өзіне қол салды (видео)
Опубликовано:
Меккедегі Аль-Харам мешітінде ер адам үшінші қабаттан қажылыққа шыққан адамдардың үстіне секіріп, өзіне қол салды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Daily Sabah сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы жағдай 8 маусым күні болған. Бейнебақылау камерасы ер адамның үшінші қабаттан секірген сәтін түсіріп алады. Сол сәтте ол жерде мыңдаған адам болыпты.
Белгілі болғандай, өзіне қол салған азамат - 26 жастағы француз. Жас жігіт оқиға орнында мерт болды. Бүгінде бұл жайт жіті тексеріліп жатыр.
Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1736466-mekkede-zas-zigit-kazylyk-zasagandardy-stine-sekirip-zine-kol-saldy-video/