Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Имам: Әйелдерін оральдық секске мәжбүрлейтін еркектер үлкен күнәға батады

Опубликовано:

Тәжікстанның ислам орталығы әйелдерін оральдық секске мәжбүрлейтін ер адамдарды қатаң айыптады деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Саидмукаррам Абдулкодирзода
Саидмукаррам Абдулкодирзода: UGC

Тәжікстан ислам орталығының басшысы Саидмукаррам Абдулкодирзода соңғы жұма намаз кезінде әйелдерін жыныстық қатынастың дәстүрлі емес түріне мәжбүрлейтін ер азаматтар үлкен күнә жасайды деп мәлімдеген. Бұл жайында орталықтың ресми сайтында жарияланған.

Діни қызметкердің сөзінше, мұндай "бұзақылықтың" бұлағы интернеттегі порнофильмдер.

Ислам орталығының қызметкері Джамолиддин Хомуши 11 маусымда Саидмукаррам Абдулкодирзоданың бұл уағызын күйеулерінен қорлық сезім көрген әйелдердің өтініші бойынша жасағанын түсіндірді.

Орталыққа келетін әйелдер Ресейден келген күйеулері өздерін оральдық жыныстық қатынасқа мәжбүрлейтінін айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1736704-imam-jelderin-oraldyk-sekske-mzbrlejtin-erkekter-lken-knga-batady/

pixel