Instagram-да хит болған түрік аспазы өз ауылына мешіт салып берді
Опубликовано:
Түркия азаматы Нұсрет Гекче интернет желісінде ет әзірлеудің ерекше әдісімен аса танымалдылыққа ие болды. Аспаздығының арқасында үлкен табысқа кенелген ол өз қаржысына ауылында мешіт тұрғызған деп хабарлайды ztb_kz Instagram парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Нұсрет Гекче аз ғана уақытта интернет кеңістігінде танымал болды. Ол бар-жоғы өзінің тамақ әзірлеуін желіге жүктеп жүріп, нағыз жұлдызға айналған.


Оған тіркелген оқырмандар аспаздың асқан шеберлігіне тәнті болып, оның мейрамханаларында тамақтануға ағылып барып жатты.

Нұсреттің аспаздық шеберлігін сынап көрмек болғандардың қатары көбейіп, мейрамханалары кілең жұлдызды меймандарға толы бола бастаған.


Әсіресе, Нұсреттің тұз себу әдісі көптің көңілінен шыққан. Көпшілік аспаздың артынан оның әрекеттерін қайталап, тұз себудің өз нұсқаларын да жарыса жүктеп жатыр.


Үлкен табысқа кенелген ол Рамазан айында игі іс істеді. Аспаз өзінің туған ауылына мешіт салғызып берді. Даңғарадай Құдай үйін Нұсрет толығымен өзі қаржыландырған. Мешіттің ашылу салтанатына келген аспаз өз алдына өзі қойған міндетін орындағанға қатты қуанышты екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1736723-instagram-da-hit-bolgan-trik-aspazy-z-auylyna-mesit-salyp-berdi/