Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балаларды оңашада сабайтын балабақша тәрбиешісі қамауға алынды (видео)

Опубликовано:

Әзірбайжан астанасы Бакудің Ясамал ауданында балаларды қатал жазалаған балабақша тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы oxu.az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

"Kids Studio" балабақшасында болған балаларды ұрып-соғу оқиғасы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Онда Фируза Тагиева атты тәрбиеші айтқанына көнбеген, тәртібі ұнамаған балаларды сабап жатқанын байқауға болады.

Енді қатал әйелге қатысты Азірбайжан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі 133-бап бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тәрбиеші өз әрекеті үшін заң алдында жауап бермек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1737038-balalardy-oasada-sabajtyn-balabaksa-trbiesisi-kamauga-alyndy-video/

pixel