Қытайда жаңбырдың орнына аспаннан теңіз жәндіктері мен сегізаяқтар жауған (фото)
Опубликовано:
Осы аптада Қытайдың оңтүстігінде жойқын тайфун болды. Сол уақытта Циндао қаласында қатты жауын кезінде аспаннан сегізаяқтар, теңіз шаяндары мен басқа да теңіз иелері жауды. Желіде түрлі суреттер тарап кетті деп хабарлайды fishki.net-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шаньдун провинциясындағы Циндао қаласында тайфун салдарынан аспаннан теңіз иелері түсе бастаған.

Қытай ұлттық метеорологиялық агенттігі теңізден жауған жәндіктердің жерде болғандығын растап отыр. Бұл қатты жел салдарынан тайфун кезінде су бағанасы пайда болған кезде шығады. Оқиға 13 маусым күні болған. Циндао қаласы Сары теңіздің жанында орналасқан.

Жергілікті тұрғындар таңғажайып құбылыстың суреттерімен желіде бөлісті. Синоптиктер бұл суреттердің шынайылығын растаудан бас тартты.

Осыған ұқсас жағдай 2017 жылы Мексикада болған. Тампико қаласында балықтан жаңбыр жауғантын. Дәл осындай жағдай 2008 жылы Үндістанның Керала қаласында да қайталанған.

Қатты бұршақтың жаууына ұласқан толассыз жел қала құрылысына кері әсерін тигізді.

Циндаодағы бұршақ жауған сәттен кейін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1737567-kytajda-zabyrdy-ornyna-aspannan-teiz-zndikteri-men-segizaaktar-zaugan-foto/