Егістікте жоғалып кеткен үш жасар қызды ақылды ит тауып берді (фото)

Опубликовано:

АҚШ-тың Миссури штатындағы жүгері егістігінде үй жануары жоғалып кеткен үш жасар қызды табуға көмектескен. Бұл туралы fakty.ictv.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: fakty.ictv.ua
Фото: fakty.ictv.ua: UGC

Жоғалған сәбиді 150-ге тарта ерікті іздеуге шыққан. Алайда ит үріп, белгі бермейінше, оны ешкім таба алмапты.

Қызды іздеген құтқарушылардың итіне сәбидің жанында болған терьер дыбыс шығарып жауап беріп, осыдан кейін ғана оның қайда отырғаны анықталған.

Фото: fakty.ictv.ua
Фото: fakty.ictv.ua: UGC

"Иттердің бірі үрген еді, алыстан оған жауап ретінде тағы бір иттің үргені естілді. Біз оған жүгіріп барып едік, иттің жанында отырған қызды тауып алдық. Жануар сәбидің жанында түні бойы бірге болған", - дейді полиция сержанты Кларк Парротт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1737734-egistikte-zogalyp-ketken-s-zasar-kyzdy-akyldy-it-tauyp-berdi-foto/