Екі айлық баласын зираттар арасына тастап кеткен безбүйрек ана масқара болды
Опубликовано:
Филиппин азаматшасы Лара Сентильяс екі айлық баласынан құтылмақ болып зираттар арасына тастап кеткен. Сәбиді өлімге қиған ананың ойы іске аспай, бүлдіршінді жергілікті тұрғындар тауып құтқарып қалды деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Филиппиндегі Кесон өңірінің тұрғындары екі айлық сәбидің өмірін құтқарып қалды. Олар таң ата зираттар маңынан бүлдіршін жылап жатқанын естіп қатты таңғалған. Жарқын шыға бастаған дауысқа қарай жөнелген олар зират тақтайшаларының астында жатқан нәрестені тауып алды.
Сәбиді бірден ауруханаға жеткізіп дәрігерлер оған алғашқы медициналық көмек көрсеткен.
"Бала зират тақтайшаларының арасында түнімен жатып шыққаны анық. Абырой болғанда нәрестеге тышқандар мен иттер тиіспеген. Оны Құдай сақтап қалғаны сөзсіз", - деп айтты тұрғындар.
Сәбиін өлімге қиған ананың кім екені белгілі болған соң әйел адам бірден тұтқынға алынды. Оған қатысты тергеу жұмыстары басталып кетті. Ал екі айлық нәрестеге күллі Филиппин басшылығы қамқорлық танытып жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1737812-eki-ajlyk-balasyn-zirattar-arasyna-tastap-ketken-bezbjrek-ana-maskara-boldy/