Қайын атасына ашуланған азамат оны атып, артынша келіншегі мен өзін де өлтірді

Опубликовано:

26 жастағы Таиланд тұрғыны Таньямас алты апталық баласын алып, ауруханадан шыға бергенде күйеуінің қолынан қаза тапты. Чаяпорн Танамсри оны өз перзентінің көз алдында атып, артынша өзін-өзі өлтірген деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Фото: Life.ru
Фото: Life.ru: UGC

Таньямас екі апта бұрын өзінің жаңа туған нәрестесімен түскен суретін әлеуметтік желіде жариялап, оған "Өлім біз ойлағаннан да жақынырақ. Сондықтан жақындарыңызға қамқор болыңыз" деген жазба қалдырған.

Фото: Life.ru
Фото: Life.ru: UGC

Қайғылы оқиға болатын күні қыздың жағдайын сұрауға әкесі мен күйеуі келіп, олардың арасында дау туындайды. 60 жастағы қария күйеубаласын жұмыссыз жүргені үшін сөгіп тастайды. Тіпті қызына онымен ажырасуға кеңес берген.

Әбден ашуланған Чаяпорн қалтасынан тапаншасын шығарып, қайын атасының басынан атады. Осыдан кейін келіншегін де оқпен жаралап, артынан өз-өзіне қол жұмсайды.

Айта кетейік, марқұм болған әйел тұңғышын дүниеге алып келемін деп, денсаулығы қатты әлсіреп қалған. Оған ауыр ота жасалған соң, беті бері қарап, енді ғана сауығып келе жатқан екен.

Фото: Life.ru
Фото: Life.ru: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1737936-kajyn-atasyna-asulangan-azamat-ony-atyp-artynsa-kelinsegi-men-zin-de-ltirdi/